• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:35

Испания премьер-министрі Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдады

30 рет
көрсетілді

Испания билігі «Барселона»  клубының жұлдызды ойыншысы Ламин Ямальдің Испания чемпионатындағы жеңістен кейінгі парад кезінде Палестина туымен көрінуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр Педро Санчес ойыншыны қолдап, оның әрекетін «миллиондаған испандықтардың» палестиналықтармен тілектестігін білдіруі деп бағалады. Алайда «Барселона» клубы бұл әрекетті Ямальдің «жеке шешімі» дегенді айтып қалды. Бұған қоса, клуб израильдік жанкүйерлерге ресми хат жолдағаны айтылады.

«Реалдың» 8 ойыншысы «Барселонаға» қарсы ойнамайды: Тізімде Мбаппе де бар

Тегі Марокколық ойыншы Ямальдің Палестина туын көрсетуі Тель-Авивте де назардан тыс қалмады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бұл әрекетті «арандатушылық» және «жеккөрушілікті тұтандыру» деп атады.

 «Бұл әрекет – ойыншымен мақтануға тағы бір себеп», деп жауап берді Испания премьер-министрі әлеуметтік желіде.

Бұл жағдай Испания мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы аясында болды. Мадрид Газадағы соғысқа байланысты Израильді қатты сынға алды. Испания 2024 жылы Палестина мемлекетін ресми түрде мойындаған алғашқы ірі еуропалық елдердің қатарына қосылды.

Сонымен қатар, Санчес Палестинаны мойындау Израильге қарсы ұстанымды білдірмейтінін айтты. Соңғы айларда ол Израильмен серіктестік туралы келісімді тоқтата тұруға шақырып, Еуропа Одағын «екіжақты позиция» қолданады деп айыптады.

Соңғы жаңалықтар