• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

10 рет
көрсетілді

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қалада ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы ауқымды жұмыс аясында қалалық инфрақұрылымның әртүрлі нысандары тазаланып, жуылады: қоршаулар, аялдамалар, жарық бағаналары, жол белгілері, жолдар, тротуарлар және т.б. Сонымен қатар, аула, скверлер, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. Нұра ауданында жергілікті аумақтарды тазалау және ретке келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жолдар жуылып, тротуарлар, көпірлер, аялдамалар және қалалық инфрақұрылымның басқа элементтері тазаланып жатыр.

Байқоңыр ауданында санитарлық тазалаумен қатар аула, сквер және саябақтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмысы басталды. Балалар мен спорт алаңдары, қоқыс контейнерлері орналасқан орындар реттеліп, абаттандыру элементтері қалпына келтіріліп жатыр. 

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Алматы ауданында жұмыстар күшейтілген режимде жүріп жатыр – күнделікті шамамен 300 жол жұмысшысы мен 250-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Жолдарды және инфрақұрылымды жумен қатар, жасыл желектерге күтім көрсетіліп, аялдамалар санитарлық тазалануда, аншлагтар мен қоршаулардың элементтерін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Есіл ауданында да көктемгі жөндеу-қалпына келтіру жұмысы басталды. Тас төсемелер қалпына келтіріліп, Д.Қонаев көшесіндегі тіреу қабырғасының үстіңгі тақталары жөнделуде. Күнделікті қалалық инфрақұрылымның кешенді жуу жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмысқа 500-ден астам жол жұмысшысы мен 200-ден астам техника жұмылдырылған.

Астанада кеміргіштерге қарсы көктемгі күрес науқаны басталды

Сарыарқа ауданында да ауқымды санитарлық тазалау жүргізілуде. Жұмыстар жол жабындысын, жер асты өткелдерін, аула аумақтарын және көше жиһаздарын қамтиды. Сонымен қатар, аялдамалар тазаланып, абаттандыру элементтері жөнделіп жатыр. Санитарлық тазалауға 735-тен астам техника және 253 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Сарайшық ауданында 200-ден астам арнайы техника мен 400 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Қар шығару, құм-топырақ пен ірі қоқыстардан тазарту, жол жиегін жинау, тротуарлар мен көпірлерді жуу жұмысы жүргізіліп жатыр.Қазіргі таңда қаланың барлық алты ауданында санитарлық тазалау жұмысы жүргізілуде. Тротуарлар мен жол жабындары арнайы техниканың көмегімен тазаланып, көгалды тұстар және басқа жерлер ретке келтіріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар