С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ) алғаш рет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет «Agriculture & Forestry» («Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы») бағыты бойынша 351-400 аралығындағы орынға ие болды.
Қазақстан QS 2026 пәндік рейтингіндегі позициясын нығайтты
Бұл жетістік ҚАТЗУ-дің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын растап қана қоймай, халықаралық академиялық аренадағы позициясының күшейіп келе жатқанын да айқын көрсетеді.
Толығырақ ақпаратты университеттің ресми сайтынан қарауға болады.