• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды

20 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие екенін, бірақ бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет

«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие. Алайда, бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажет.

Осы ретте, жасанды интеллект базасында жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру ұсынылады, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, бизнес шығындарын азайтуға және еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», деді Премьер-министр.

Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді

Соңғы жаңалықтар