• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:50

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

10 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жиын өткізді. Кеңеске мемлекеттік органдар мен Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Ерлан Қарин Наурызнама аясында «Тазару» күнін атап өту жалпыұлттық «Таза Қазақстан» жобасын одан әрі іске асыруға жаңа серпін беретінін жеткізді.

Мемлекеттік кеңесші «Таза Қазақстан» құндылықтары жаңа Конституцияның қағидаттарына толық сай келетінін еске салды.

«Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету Ата заңның 3-бабының 1-тармағындағы Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарының бірі ретінде бекітілген. «Таза Қазақстан» аталған конституциялық қағидатты нақты жүзеге асыруда идеологиялық алаңға айнала алады», деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші бұл іске қоғам­дастықты, ең алдымен, еріктілер мен жас­тар ұйымдарын кеңінен тарту, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жобасы аясында өткізілетін акциялар мен іс-шараларды ақпараттық тұрғыдан жан-жақты сүйемелдеу жөнінде нақты тапсырма берді.