• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады

30 рет
көрсетілді

Қазгидромет 6 мамырға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрып кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Бірқатар облыстарда желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар, Абай, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау және басқа да аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында түнде үсік жүруі мүмкін.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар