• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Алматыда екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

10 рет
көрсетілді

Алматыда Наурыз мерекесіне орай бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты Омаров көшесінде 20-21 наурыз күндері автокөлік пен қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мерекелік алаңды ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр.

Қала билігі тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертіп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, биыл Алматыда Наурыз мейрамы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Негізгі мерекелік орындар ретінде Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы және Панфилов көшесі белгіленген.

Айта кетейік, Алматыда Наурыз мерекесіне орай 13-23 наурыз аралығында «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар