Астана қаласының Көлік басқармасы 2026 жылға арналған жол жөндеу жоспарлары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылы елордада 40 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жөндеуге жататын көшелердің нақты тізімі қалыптастыру кезеңінде.
Сонымен қатар, 2026 жылы келесі көшелерде құрылыс жұмыстары жалғасады:
Төле би көшесі;
Айтматов көшесі;
«Абайдың 150 жылдығы» көшесі;
Бейсеков көшесі (көлік жол айрығы);
«Гринлайн» (1, 2 кезек);
Ақан сері көшесі;
Жангелдин көшесі.
Бұған дейін Ерсін Өтебаев, Астана әкімінің орынбасары, қалалық мәслихат отырысында елорда жолдарын абаттандыруға 4,3 млрд теңге қажет екенін мәлімдеген болатын.
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Сондай-ақ, 2026 жылы Селеті көшесінен Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі аралықта Жанарыс және Жаркент көшелерін салу жоспарланып отыр, бұл жоба толық аяқталмақ.