Бүгін, 19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күні Астанада кәсіпкерлер «Жауапты бизнес – жаңарған қала» ұранымен ғимараттар мен нысандарды тазалап, ретке келтіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар №2 Көпсалалы қалалық ауруханада жаңа туған сәбидің құрметіне отырғызылатын ағаштың орналасқан жері көрсетілген QR-коды бар сертификаттарды табыстау және жаңа туған нәрестелерге цифрлық бесіктерді салтанатты түрде тапсыру іс-шарасы өтеді.
Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында елордалық тұрғын үй кешендерінің аулаларында ауқымды қар тазалау жұмысы жүргізіледі.
Наурызнама: бүгін – қайырымдылық жасайтын күн
Балабақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында «Өзіңнен баста» тазалық челленджі басталады.
Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні
Жаңару күні аясында аудан мектептерінің оқушылары виртуалды көзілдіріктер арқылы болашақ мамандықтармен танысады.