Премьер-министр Олжас Бектенов кешегі өткен референдумға қатысты пікір білдірді. Ол жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдіргенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олжас Бектенов еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанына айрықша тоқталды.
«Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық. Президентіміз атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты. Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасып жатыр. Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы саналатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!», деді ол.
Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
Үкімет басшысы ел азаматтарымен бірге жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетініне сенім білдірді.
Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты