14 наурыз – Көрісу күніне орай Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ата-аналары мен жақындарымен байланысып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін бұл күн туған-туыспен амандық сұрасып, сағынышын басатын ерекше сәттердің бірі болды, деп жазады Egemen.kz.
5451 әскери бөлімінің сарбаздары мерекелік күні телефон арқылы ата-аналарымен хабарласып, олардың хал-жағдайын сұрап, жылы тілектерін білдірді. Күнделікті әскери тәртіпке сай қызмет атқарып жүрген ұландықтар үшін отбасымен тілдесу үлкен қуаныш пен рухани дем береді.
Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетеді. 5451 әскери бөлімінің ұландықтары да осы дәстүрді жалғастырып, ата-аналарына алғыстарын айтып, олардың қолдауы мен батасының маңыздылығын жеткізді.
«Наурызнама»: Елордада Көрісу күні қалай атап өтіледі?
Ата-аналар өз кезегінде балаларына ақ батасын беріп, ел тыныштығын күзетіп жүрген ұлдарына ризашылықтарын білдірді. Олар сарбаздардың Отан алдындағы борышын абыроймен орындап жүргеніне мақтаныштарын жасырмады.
Айта кетейік, 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге де ерекше мән береді. Осындай игі шаралар сарбаздардың рухын көтеріп, туған-туыспен байланысын нығайта түседі.
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды