• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 10:28

Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды

20 рет
көрсетілді

14 наурызда Қазақстанда жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталады. Мерекелік онкүндіктің алғашқы күні – «Көрісу күні – Амал мерекесі» – жылы жүздесулерге, ізгі тілектер айтуға, үлкенге құрмет көрсетуге және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға арналады, деп жазады Egemen.kz. 

Бұл күн Наурыз мейрамының бастауын білдіріп, адамдардың бір-біріне ықылас танытып, дәстүр сабақтастығын жалғастыратын бірлік пен ізгіліктің нышаны саналады.

Мерекелік бағдарламаның негізгі өзегін республикалық мәдениет ұйымдарының іс-шаралары құрайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Көрісу күні – татулықтың бастауы» атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді. Ұлттық музейдің Атриумында «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты бағдарлама ұйымдастырылады. Құддыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры «Наурыз – театрлар мен мәдениеттердің қауышу мерекесі» жобасын ұсынады. «Астана Опера» театрында «Күймен келген Көрісу» атты концерт өтсе, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Көрісу күні – Амал мерекесі» акциясы ұйымдастырылады.

Астанада ұлттық ойындарға арналған «Tartys Fest» фестивалі өтеді. Фестиваль аясында арқан тарту жарыстары жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып өткізіледі. Алматы қаласында Көктөбе алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Бұл күні мерекелік іс-шаралар еліміздің өңірлерін де қамтиды. Ақмола облысында «Көрісу күні» дәстүріне арналған концерттік бағдарламалар жоспарланған. Түркістан облысында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты облыстық челлендж өтеді. Ал, Батыс Қазақстан облысында көрермендерге «Наурыз думан» атты мерекелік концерт ұсынылады.

Наурызнама нақышы

Осылайша, «Көрісу күні» Наурызнама онкүндігін ашатын, ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды заманауи қоғамдық мазмұнмен сабақтастыратын ерекше күн ретінде, қоғамда сыйластық, бірлік пен игі бастамалар рухын нығайта түседі.

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

Соңғы жаңалықтар