• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:35

Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автожолдардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2026 жылғы 14 наурыз сағат 08:30-дағы жағдай бойынша келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашық.

Абай облысы:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733 км (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы);

«Өскемен – Семей» автожолының 103-198 км (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);

«Семей – Қайнар» автожолының 8-266 км (Семей қаласы – Қайнар ауылы).

Шығыс Қазақстан облысы:

«Өскемен – Семей» автожолының 12-103 км (Қазақ ауылы бұрылысы – Абай облысының шекарасы).

Павлодар облысы:

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 426-587 км (Кенжекөл кенті – Абай облысының шекарасы).

Жабық жолдар: 

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар кейбір автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ақмола облысы:

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 346-407 км (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 407-429 км (Чистополье ауылы – Ақмола облысының шекарасы).

Павлодар облысы:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Калкаман жол айырығы – Калкаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол) көлік айырығының аралық құрылымының тірек арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Айта кетейік, бүгін республика бойынша тұман түседі. Ал солтүстік пен шығыста жел күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар