• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 23:35

Мұнай бағасы 15%-ға төмендеп, бір барреліне 83 долларды құрады

10 рет
көрсетілді

Әлемдік нарықта мұнай бағасы шамамен 15%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта Brent crude oil маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 83 доллар тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бағаның төмендеуі Дональд Трамп Ирандағы әскери қақтығыстың тоқтайтынын жариялағаннан кейін басталды. Сауда барысында мұнайдың бағасы тіпті 82 доллардан да төмен түскені хабарланды. Айта кетейік, бұған дейін, 9 наурыз күні мұнай бағасы 119 долларға дейін көтерілген еді.

Wood Mackenzie компаниясының бас сарапшысы мұнай бағасы біраз уақыт жоғары деңгейде сақталуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, Ирандағы жағдай жақын уақытта тұрақталса да, мұнай жеткізу тізбегін тез қалпына келтіру қиын болады.

Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді

Сарапшының пікірінше, мұнай өнімдерінің қорын порттар мен мұнай өңдеу зауыттарынан тез жөнелтуге болады. Алайда егер мұнай ұңғымалары ұзақ уақытқа тоқтап қалса, өндірісті толық қалпына келтіруге бірнеше апта немесе айлар кетуі мүмкін.

 Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді
Соңғы жаңалықтар