Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс аймағынан отандастарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 7300-ден астам азамат Қазақстанға жеткізілді.
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді
Сонымен қатар азаматтарды елге қайтару тек әуе қатынасы арқылы ғана емес, Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.
Аймақтағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуациялау процесін үйлестіруді жалғастырып, шетелдегі отандастармен тұрақты байланыс орнатқан.
Иранда жұмыс істейтін тағы 7 отандасымыз елге жеткізіледі