Дубай қаласында орналасқан АҚШ консулдығының аумағында өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
CNN мәліметінше, өртке Иранның ұшқышсыз ұшу аппаратының соққысы себеп болуы мүмкін. Дрон дипломатиялық миссияның аумағына құлағаны хабарланды. Осыдан кейін консулдық аумағында өрт тұтанып, дер кезінде оқшауланған. Зардап шеккендер жоқ.
Дубай қаласынан 306 жолаушы елге оралды
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио барлық қызметкерінің аман-есен екенін мәлімдеді. Бұған дейін Эр-Рияд қаласындағы АҚШ елшіліне де ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасағаны хабарланған.
Дубайдағы екі әуежайдың жұмысы қайта жанданады