Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтар елге әуе кеңістігі толық қауіпсіз деп танылғаннан кейін ғана қайта алады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ведомство дерегінше, өңірде өткен демалыс күндері басталған әскери қақтығыс салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Әуе қатынасына төнген қауіпке байланысты тұрақты рейстер уақытша тоқтатылған.
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төраға орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Өміралиев жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Оперативтік штаб мүшелері осы елдердегі жағдайды тұрақты түрде бақылап отыр. Осыған байланысты кесте бойынша жоспарланған 13 рейс толықтай тоқтатылды. Әуе кеңістігі ашылып, ұшу қауіпсіздігіне қатер жойылған жағдайда отандық әуе компаниялары қайтару рейстерін орындау үшін әуе кемелерін бөлуге дайын екенін білдірді», деді ол.
Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?
Қақтығысқа тартылған немесе оған іргелес елдердің билік органдарымен келіссөздер тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қазақстанның Таяу Шығыс елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Олар өңірде және транзиттік аймақтарда жүрген отандастардың тізімін нақтылап, жедел байланыс нөмірлерін таратып жатыр.
Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында нақты қанша Қазақстан азаматы бар екенін әзірге айта алмай отыр. Ведомство азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік талаптары мен ұсынымдарын орындауға, қаупі жоғары аймақтардан аулақ болуға шақырды.
Отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?
Қазіргі уақытқа дейін ел азаматтарынң арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.