Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Марлен Қасенов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марлен Маратұлы 2006 жылы Астанадағы сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы Қарағандыдан «Қазтұтынуодағы» экономикалық университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын Президент іс басқармасына қарасты ведомстволық мекемеде бастаған. Әр жылдары Алматы қалалық әкімдігінде бас инспектор, мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, Президент Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Кейін Астана қаласында Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысында Іле және Қарасай аудандары әкімінің орынбасары болған. Оқу-ағарту министрлігінде инфрақұрылымды дамыту департаментін басқарды.
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды
Кейінгі жылдарда Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.