• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:10

Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды

10 рет
көрсетілді

Апта ішінде Brent маркалы мұнай бағасы 5%-дан астам өсті. 20 ақпанда еуро және доллар бағамы 1,1755 деңгейіне дейін төмендеді. Сауда графигінде бұл валюталардың сатылым мақсаты 1,1770 белгісінде орындалып, енді 1,1710 деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін. Доллар индексі шамамен 1% өсіп, бес сауда күні ішінде 98 пунктке жақындады. Валютаға макроэкономикалық деректер мен АҚШ Федералдық резерв жүйесінің қатаң сигналдары қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек нарығы тұрақтылық көрсетті

АҚШ еңбек нарығы орнықты болып отыр. Алғашқы жұмыссыздық жәрдемақысын алуға берілген өтініштер саны 206 мыңға дейін азайды, бұл болжамдағы 223 мың көрсеткішінен төмен (алдыңғысы – 227 мың). Қайталама өтініштер саны 1,869 млн болды (болжам – 1,860 млн).

Сонымен бірге іскерлік белсенділік индексі күтпеген жерден өсті. Соңғы бес айда Филадельфия федералдық резерв банктің индексі ең жоғары деңгейге жетті.

Ал тұрғын үй нарығында бірқатар әлсіз статистика тіркелді. Қаңтарда аяқталмаған тұрғын үй сату келісімдері 0,8% төмендеді (болжам – 1,4% өсім; бұрын – минус 7,4%). Ал экономиканың алдын ала индикаторларының индексі желтоқсанда 0,2% төмендеді, бұл болжамға сәйкес келді.

АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) соңғы отырысының хаттамасы реттеуші ішінде пікір қайшылығы барын көрсетті. Кейбір мүшелер инфляциялық қысым сақталса, мөлшерлемені әрі қарай көтеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Федералдық резерв кеңесінің мүшесі Стивен Мирана еңбек нарығы мен тауар секторындағы инфляция тұрақты болған жағдайда мөлшерлеме траекториясы «азырақ жұмсаратынын» айтты.

Инвесторлар агрессивті монетарлық жұмсару күтулерін азайтқанымен, жыл соңына дейін 25 базистік пункттен екі рет мөлшерлеме төмендейді деген болжам сақталып отыр. Негізгі назар АҚШ-тың IV тоқсан бойынша ЖІӨ алдын ала бағасына және ФРЖ үшін негізгі инфляциялық бағдар болып саналатын PCE (жеке тұтыну шығыстарының индексі, инфляцияны бағалаудың негізгі көрсеткіші) индексіне аударылып жатыр.

Мұнай бағасы неге күрт өсті?

Brent мұнайы алты айлық максимумға жақындады

Brent мұнайының бағасы барреліне 71,78 доллар деңгейіне көтерілді. Техникалық тұрғыда Brent күндік таймфреймде 70,55 доллар межесін еңсеріп, 72 доллар деңгейіне қарай жылжуы мүмкін. Дегенмен нарықтағы құбылмалылық баға қозғалысын тез өзгертуі ықтимал.

Қазіргі баға белгіленімдерінің соңғы алты айдағы ең жоғары деңгейге жақындап және апта ішінде 5%-дан астам өсті. Бағаның өсуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен ядролық келіссөздер мерзіміне қатысты мәлімдемелері ықпал етті.

Мәлімдемеге сәйкес, келіссөздерді ілгерілету үшін 10-15 күннен артық уақыт қалмаған. Сонымен қатар АҚШ тарапы Таяу Шығыс аймағына 2003 жылғы Ирак соғысынан бергі ең ірі әскери топтастыруын орналастырды. Бұл жағдай Иран объектілеріне жасалған өткен жылғы нүктелік соққымен салыстырғанда кең ауқымды операция тәуекелін арттырды.

Геосаяси шиеленіс жеткізу тізбегінің үзілу қаупін күшейтті. Егер қақтығыс өршитін болса, Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалын шектеуі мүмкін деген қауіп бар. АҚШ Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, мұнай қоры бір аптада 9 млн баррельге қысқарды. Бұл – 2025 жылдың қыркүйегінен бергі ең ірі төмендеу.

 

Иран төңірегіндегі қауіп мұнай бағасын қайта қымбаттатты

АҚШ нарығы

АҚШ қор нарығы бұрынғы төмендеуден кейін тұрақталды. S&P 500 фьючерсі премаркетте айтарлықтай өзгермеді. Сауда графигінде индекс 6800-6900 пункт аралығында сақталып отыр.

Инвесторлар монетарлық саясатқа әсер етуі мүмкін негізгі макроэкономикалық деректер жариялануын күтіп отыр. Негізгі назар – IV тоқсан ІЖӨ-нің алдын ала бағасы мен PCE индексіне аударылып отыр.

ФРЖ отырысының хаттамасы комитет ішінде пікір алшақтығы барын көрсетті: инфляциялық қысым сақталса, саясатты қосымша қатаңдату мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Соған қарамастан нарық 2026 жылдың соңына дейін мөлшерлемені 25 базистік пункттен екі рет төмендетуді есепке алып отыр.

19 ақпандағы негізгі сессия қорытындысында АҚШ индекстері төмендеді: Dow Jones (АҚШ өнеркәсіптік компаниялары акцияларының индексі) – 0,54%, S&P 500 (АҚШ-тың 500 ірі компаниясының акциясын қамтитын қор нарығының индексі) – 0,28%, Nasdaq Composite (технологиялық компаниялар акцияларын қамтитын АҚШ биржа индексі) – 0,31%. S&P 500 секторларының сегізі теріс аймақта жабылды, әсіресе қаржы, тұтынушылық және технология секторлары қысымға ұшырады.

Криптовалюта нарығы: Биткоин серпілісі

Биткоин бағасы 67 851 доллар деңгейіне көтерілді. Бір тәулікте 1,39%-ға, апта ішінде 1,85%-ға қымбаттады.

65 125 долларлық қолдау деңгейі сақталып, коррекция тоқтады. 72 271 доллар шыңынан кейінгі төмендеу шамамен төрт күнге созылды. Нарық екі тәуекел факторының арасында тұр: Иран төңірегіндегі геосаяси жағдай және ФРЖ-нің қатаң риторикасы.

Базалық инфляция бойынша PCE индексінің болжамы шамамен 3%, ал IV тоқсан ЖІӨ өсімі 2,8% деңгейінде күтіледі.

Биткоин 69 700 доллардан жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін. Техникалық тұрғыда 75 мың доллар деңгейіне дейін қалпына келу әлеуеті сақталған, бірақ нарық әзірге күту режимінде. Негізгі фундаментальді қысым күшейсе, келесі импульс те өткір болуы ықтимал.

Криптовалюта нарығының капитализациясы 2,32 трлн доллар болды. Құрылым бойынша: BTC (биткоин криптовалютасы) – 58,4%, ETH (эфириум криптовалютасы) – 10,2%.

Әлем мұнай бағасына тәуелді...

Соңғы жаңалықтар