• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:52

Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?

10 рет
көрсетілді

Кейде дүкенге кіріп шыққанда немесе жол бойында аялдағанда көлігіңіздің нөмірі жоқ болып шығады. Бұл жағдай полицияның заң шеңберінде нөмірді алып кетуімен байланысты болуы мүмкін. Осындай жағдайда автомобиль иесінің нөмірді қайтару жолдары заңмен бекітілген, деп жазады Egemen.kz.

Ең алдымен еске салсақ, мемлекеттік нөмір көлік иесіне емес, мемлекетке тиесілі. «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, сіз тек нөмірді көлікте қолдануға арналған баж салығын төлейсіз. Сондықтан тәртіп сақшылары нөмірді алып кетуге құқылы. Алайда, полиция өкілі нөмірді заңсыз шешіп алып кетпейді. Әкімшілік кодекстің 795-бабы, 10-бөлігінде нөмірді екі куәгердің немесе көлік иесінің көзінше алу, сонымен бірге себепті түсіндіру міндеті қарастырылған. Нөмір алынып, хаттама толтырылса, оған куәгерлер мен иесі қол қояды. Қажет болған жағдайда сотқа шағымдануға немесе айыппұл күшін жоюға болады.

Полиция нөмірді әртүрлі жол ережелерін бұзған жағдайда ала алады. Мысалы, шығарындылар нормадан асып кеткен, техникалық регламент талаптарын орындамаған, рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе жол-көлік апатына себеп болған көліктер. Әр бапқа сәйкес айыппұл сомалары 5-тен 60 АЕК-ке дейін өзгеріп, жүргізушіні куәлігінен уақытша айыруға себеп болуы мүмкін.

Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады

Нөмірді іздегенде алдымен оның қайда алынғанын анықтау қажет. Егер полиция заңға сәйкес алса, хаттамада қайда бару керегі көрсетіледі. Егер нөмір ескертусіз алынса, аудандық полиция бөлімшесінен іздеуге болады. Кезекші маманнан нөмірдің нақты қайда екенін сұраңыз немесе полицейлердің өзінен ресми түрде қайтаруды талап етуге болады.

Нөмірді қайтару үшін алдымен полиция алған себепті жою керек. Мысалы, газ шығаратын көлікті жөндеп, техникалық бақылаудан өткізу қажет деген сынды себебін түсіндіру қажет. Техникалық регламентке сай еместігін түзеген соң, құзырлы орган өкіліне көрсетіп, нөмірді қайта алуға болады. Егер көлік заңсыз қайта жабдықталған болса, оны бастапқы қалпына келтіріп, қажетті анықтамаларды алып, полиция бөлімшесіне бару керек. Айыппұл салынса, алдымен оны төлеу міндеттеледі. Басқа жағдайларда мәселені шешу үшін аудандық әкімшілік практика бөліміне жүгіну ұсынылады.

Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады

Соңғы жаңалықтар