• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 10:30

Вице-Президентті кім тағайындайды?

40 рет
көрсетілді

Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Вице-Президент өкілеттігіне қатысты талаптар айқындалды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа заң жобасына сай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Құрылтай депутаттары қалай сайланады?

Ал Вице-Президент өкілеттігі кезінде саяси партияда болуына рұқсат етілмейді.

«Вице-Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ. Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады», деп жазылған Конституцияда.

Қолданыстағы Конституцияның күші қашан жойылады?

 

Соңғы жаңалықтар