• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:23

«Ауыл аманаты»: Ұлытауда шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі

20 рет
көрсетілді

Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша мемлекеттік жобаға қатысушылардың көбі несиені мал басын көбейтуге сұрап отыр. Соған қарамастан негізгі басымдық өсімдік шаруашылығы және өңдеу саласындағы жобаларға берілмек. 

Өңірде бағдарлама бойынша кейінгі үш жылда 3,5 млрд теңгеге 600-ден астам жоба қолдау тапты.

«61 шағын несиенің ішінде 11 несие ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтеріне беріледі. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне берілетін қаржының ең үлкен мөлшері 34 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар биылғы жылы алғаш рет өңірімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық техникаларын лизингке беру жобасы іске қосылатын болады», дейді облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрғиса Мырзабек.

Еске сала кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керектігін айтты.

 

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар