Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Елдос Сағиев прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.
Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір іс қозғалды
Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: Полиция қару қолдануға мәжбүр болды
2022 жылдың тамызынан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.
Шымкенттегі жаппай төбелес: Кісі өліміне қатысты тағы үш күдікті ұсталды