Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы келді. Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте өлі туған», делінген хабарламада.
Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған тұрғын анықталды.
Елімізде нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Бұл факт бойынша тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады