Қостанай облысында түрлі дақыл тұқымын шығаратын 55 шаруашылық жұмыс істейді. Оның төртеуі жаңа тұқым, 19-ы элиталық тұқым шығарады. Сондай-ақ бірінші репродукциялық тұқым өсіретін 32 шаруашылық, 24 тұқым өткізуші бар. Аталған шаруашылықтар диқандарды жыл сайын сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл элиталық және бірінші репродукциялық тұқым сатып алатын шаруашылықтар үшін субсидия қарастырылып отыр.
Субсидияның қайтарымы бола ма?
Биыл тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 3 613 901 000 теңге қарастырылған. Бұл қаржы тұқым қорын жаңартуға, өнім шығымын арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған.
Отандық астық экспорттаушылар субсидияны қай кезде алады?