Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аты аңызға айналған футболшы әрі бапкер Марат Есмұратов өмірден өтті
Алдын ала болжам бойынша, спортшының қазасына биіктен құлауы себеп болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы да қарастырылып жатыр. Әзірге футболшының жақындары мен бұрынғы клубтар тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.Франциялық футболшы Швейцариядағы өрттен зардап шекті