• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құрылыс 12 Қаңтар, 2026

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

40 рет
көрсетілді

Ертіс-Баян өңірінде 23 білім беру мекемесін жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар колледжінің жатақхана ғимаратын қайта жаңғырту көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдегі білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша өткізілген конкурс рәсімдерінің жеңімпаздары анықталды.

− 2026 жылы 27 жоба аясында білім беру саласындағы 23 нысанда күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, сондай-ақ Баянауыл, Успен, Павлодар аудандары мен Тереңкөл ауданында орналасқан 10 балабақша мен 13 мектеп бар. Бұдан бөлек, ақпараттық технологиялар колледжінің жатақхана ғимаратын қайта жаңғырту жоспарда тұр, − деп хабарлады өңірлік білім беру басқармасынан.

Мердігермен құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен мерзімдерінің сақталуы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама талаптары мен техникалық қадағалау нормаларын қатаң орындау жайы талқыланған.

Себебі бұған дейінгі жылдарда кейбір мектептердің жөндеуі кешігіп, балалардың өзге мектептерде уақытша білім алуына тура келген.

Павлодар облысы