Фото: ашық дереккөз
«Қаржыландырудың балама тетіктерін дамыту үшін әмбебап банктерге қолда бар лицензия шеңберінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығын беру көзделеді. Бұл нормалар банктерге жеке банкті құрмай-ақ, өз құрылымында арнайы бөлімшелер ашу арқылы исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді», деді Мәдина Әбілқасымова.
Заң жобасында исламдық банкингті ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу секілді қағидалар қамтылған. Сонымен қатар, әрбір банк құрылымында шариғат талаптарына сәйкестікті қадағалайтын кеңес пен аудит жүйесі міндетті түрде енгізілмек.
Банктер туралы жаңа заң жобасында сонымен бірге технологиялық өзгерістер мен цифрлық активтер айналымын ырықтандыру, банк секторының экономиканы қаржыландырудағы рөлін күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту мәселелері де қарастырылған.
Жаңа бастама исламдық банкингтің инвестициялық әлеуетін арттырып, қаржыландыру көздерін әртараптандыруға жол ашпақ.