• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:00

Жұтылған жалақы

20 рет
көрсетілді

Talker Research жүргізген сауал­намаға қатысқан 2 мың аме­рикалықтың айтуынша, жала­қының 48%-ы алғашқы 48 сағатта жұмсалып кетеді.

Респонденттердің жартысынан көбі айлық түскен бойда-ақ қомақты шығындарды, пәтер ақысын, несие қарыздарын өтейтін көрінеді. Түскен қаржының басым бөлігі алғашқы екі тәулікте жұмсалып кететіндіктен, қал­ған ақша айдың соңына дейін әрең же­теді. Сауалнамаға қатысушылардың тек ­28%-ы ғана табысының бір бөлігін бірден жинаққа аударатынын мойындаған.