• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қазан, 2025

Президент кубогі сарапқа салынады

20 рет
көрсетілді

25-29 қазан аралығында Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогі өтеді.

Туризм және спорт министрлігінің қол­дауымен өтетін жа­рыстың жүлде қоры 115 000 АҚШ долларын құрап отыр. Республикалық үстел теннисі федерациясы таратқан мәлі­метке сүйенсек, турнирде Оң­түстік Корея, Қытай, Мысыр, Мажарстан, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы, басқа да мемлекеттерден келетін 250-ден аса ойыншы өнер көрсетеді. Олардың қатарында әлемдік рейтингте ТОП-100-дікке енген сақа спортшылар да бар. Жарыс жолына ересектерден бөлек, жастар мен жасөспірімдер де шығады.

Еліміздің намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сар­виноз Мірқадырова, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт сынды көптеген аса ірі халықаралық додаларда дараланған шеберлер қорғайды.