• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Қазан, 2025

Елордаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді

40 рет
көрсетілді

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін іске қосуға дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сол жоспардың аясында қалаға тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

CTS компаниясының мәліметінше, құрамдарды орнату жұмыстары 17-18 қазанда өтеді.

17 қазанда бірінші құрам Қабанбай батыр даңғылы бойындағы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы эстакадаға орнатылады. Ал 18 қазанда екінші құрам Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралыққа орналастырылады.

Сонымен қатар, 18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06:00-ге дейін аталған учаскелерде мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.