• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Ең «ұзақ» есім

70 рет
көрсетілді

Өз есімдерін бүкіл әлемге әйгілеуді ойлағандар не істемейді? Жаңа Зеландияда тұратын Лоуренс Уоткинс есімін 2 253 сөзге дейін ұзартып, «Guinness World Records» кітабына енді.

Лоуренс арнайы машинкаға жүздеген есім жаздырған. Аудандық сот арызын мақұлдағанымен, тіркеу мекемесі бастапқыда рұқсат бермеген. Бірақ ол тоқтамай, Жоғарғы сотқа дейін шағым түсіріп, ақыры өз талабын орындатыпты. «Енді бұл рекордты біреудің қайта жаңартуы екіталай. Әлемдегі сегіз мил­лиард адамның ішінде дәл менікіндей есім иесі жоқ екеніне сенімдімін», дейді ол.