• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Балалар Бүгін, 14:20

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық азайған

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейі айтарлықтай төмендеген. Еліміз балаларға қатысты зорлық-зомбылықты азайту көрсеткіші бойынша Еуропа мен Орталық Азияның жетекші мемлекеттерінің қатарына еніп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Аарон Гринберг ұйымның әр бес жыл сайын өткізетін халықаралық «MICS» зерттеуінің нәтижелерін жариялау барысында хабарлады.

Елімізде ата-аналар тарапынан балаларды тәрбиелеу кезінде күш қолдану, соның ішінде физикалық жазалау мен психологиялық агрессия деңгейі 53%-дан 38%-ға төмендеген.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Бухарестте өтіп жатқан балаларға қарсы зорлық-зомбылықты жою жөніндегі халықаралық конференцияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы реформалары мен бастамаларын таныстырды.

Сонымен қатар, ол балалар құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында атқарылатын алдағы жұмыстардың жоспарын ұсынды.

Бұған дейін Қазақстанға ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Реджина де Доминичис келіп, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен кездесу барысында елімізде қабылданған заңнамалық және институционалдық өзгерістерді жоғары бағалаған. Сондай-ақ, Қазақстанның тәжірибесін халықаралық деңгейде көрсету маңызды екенін атап өтіп, әсіресе мектептердегі QR-111 жүйесі балалармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін атап өкен.