Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында заң шығару процесін жетілдіру және кәсібилікті арттырудың маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы заң шығару жұмысын жақсартудың жаңа тетіктерін енгізу қажеттігін айтып, мұны халықаралық тәжірибе де көрсетіп отырғанын жеткізді.«Бұл ретте болашақ депутаттар корпусының білімі мен білігі маңызды факторға айналады. Олардың қатарында нағыз кәсіби мамандар болуы керек. Парламент кәсіби болуға тиіс. Бұл – өте маңызды міндет. Парламентті пропорциялық жүйемен, яғни партиялық тізіммен жасақтау туралы ұсыныс дәл осы міндеттен туындап отыр. Бір палаталы Парламентте партиялардың көп болуы саяси диалогты кәсіби негізде өрбітуге ынталандырады», деді Президент.Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа жағдайда партия жұмысына тың талаптар қойылатынын айтты.
«Демек популизм цифрландыру кезеңінде маңызды рөл ойнамайды, керісінше, кәсібиліктің бәсі жоғарылай түседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.