• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:10

Коала құпиясы

20 рет
көрсетілді

Білесіз бе, коаланың саусақ іздері адамдыкіне қатты ұқсайды. Тіпті ғалымдар электронды микро­скоп­тың көмегімен зерттегенде де бұл сүйкімді жануардыкінен адам саусақ таңбасынан ажырата алмай біраз абыржып қалған.

Жалпы, бұл жануар өте ерекше жаратылған. Коаланың баласы алғашқы алты айын анасының қалтасында өткізеді. Оның «жерлесі» кенгуру де солай жасайтыны белгілі. Айтпақшы, бұлар шөлге шыдамды. Олар эвкалипт ағашының жапырағын жеу арқылы шөлін басады. Тағы бір ерекшелігі, коала адамдардан қорықпайды. Тіпті қажет кезде олардан көмек сұрайды. Мысалы, 2009 жылы Аустралия ормандарында ушыққан өрт кезінде коалалар адамдардан су сұрап келген.