АҚШ-та жасанды зерде көмегімен сотта жеңіске жеткендер саны артып келеді. «NBC News» тілшілері жүргізген зерттеу кезінде ChatGPT арқылы өз ісін ақтап шыққандар анықталған.
Мысалы, Линн Уайт есімді әйел сотта жеңілген соң, ChatGPT-ден істің ақ-қарасын анықтап беруін сұраған. Ал жасанды зерде соттың жіберген қателерін тізіп, тіпті апелляциялық арыздың құрылымын жазып берген. Сөйтіп, әлгі әйел 55 мың доллар айыппұл мен 18 мың доллар қарыздан құтылыпты.