Қытай ғалымдары кәдімгі пластиктен кем түспейтін әрі экологиялық таза бамбуктен жасалған жаңа материал ойлап тапты.
Әдетте бамбуктен жасалған бұйымдар ұзаққа шыдамайтын. Оның үстіне бұл материалдар қайта өңделмейтін. Алайда зерттеушілер осы түйткілді шешудің жолын тапты. Олар бамбуктен алынған целлюлозаны қауіпсіз еріткіште өңдеп, оны тығыз біріктіріп, берік әрі икемді пластикке айналдырды.
Жаңа материалдың артықшылығы – жоғары беріктік пен экологиялық қауіпсіздік. Бамбук пластик топырақта толық ыдырай алады, сонымен қатар бастапқы қасиетінің 90 пайызын сақтап, қайта өңдеуге ыңғайлы. Мұндай пластик тұрмыстық бұйымдар мен құрылыс материалдарына қолданылуы ықтимал.