Бүгін Әзербайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Әзербайжанның жеті қаласында қатар өткен кешенді жарыста еліміздің спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.
Жекелеген спорт түрлерінен нәтиже төмендегідей.
Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола:
Таеквондо WT – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола:
Бокс – 2 алтын, 1 күміс, 11 қола:
Нысана көздеу – 1 алтын, 4 күміс, 2 қола:
Садақ ату - 1 алтын, 2 күміс:
Күрес түрлері – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола:
Жүзу – 9 күміс, 10 қола:
Стенд ату – 2 күміс, 6 қола:
Үстел теннисі – 3 қола:
Көркем гимнастика – 3 қола:
Бадминтон – 2 қола:
Самбо – 2 қола:
Батуттағы гимнастика – 2 қола:
Семсерлесу – 1 қола:
Екі жыл бұрын Беларусь елінде өткен II ТМД елдері ойындарында біздің спортшылар 7 алтын, 14 күміс, 32 қола еншілеген (жалпы есепте 5-орын).
Әзірге Қазақстан үшін алғашқы Тәуелсіздік мемлекеттік достастығы елдерінің ойыны табысты болып тұр. 2021 жылы Ресейдің Қазан қаласында Қазақстан 18 алтын, 35 күміс, 53 қола (барлығы 106) жүлдемен жалпы нәтижеде үздік үштікті түйіндеген еді.
Әзербайжандағы жарысқа елімізден 132 спортшы қатысып, 18 бағдарламада сынға түсті. Олардың ішінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Александра Ле, сондай-ақ Данил Мұсабаев, Альмира Қанат, Досбол Шәміл сынды жасөспірімдер арасында өткен әлем және Азия чемпионатында жүлде алған отандастарымыз бар.
Додаға 13 елден 1600-ден астам спортшы қатысты.