Биылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы Ұлыбританиядан Джон Кларкқа, Франциядан Мишель Деворетке және АҚШ-тан Джон Мартиниске берілді.
Олар көзге көрінбейтін кванттық әлемнің заңдарын адам қолымен жасалған құрылғыларда дәлелдеп көрсетті. Бұрын мұндай құбылыс тек микродеңгейде, яғни атом мен фотон әлемінде ғана байқалатын. Айта кетейік, физика саласындағы Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері табысталып келеді. Алғашқы лауреат – неміс ғалымы Вильгельм Конрад Рентген, ол рентген сәулелерін ашқаны үшін марапатталған еді.