• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 17:45

Елімізде 121 бала донор кезегінде тұр

10 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донор ағзасына кезекте  4 384 пациент тұр, оның ішінде - 121 бала бар, деп жазады Egemen.kz.

Пациенттердің басым бөлігі – бүйрек трансплантациясын қажет ететіндер. Бауырды - 222 пациент, жүректі – 149, өкпені – 27, өкпе-жүрек кешенін – 6 адам күтіп отыр. Жыл сайын 300-ден астам адам трансплантацияны күтпей, өмірден озады. 2012 жылдан бері Қазақстанда 3 200-ден астам ағза трансплантациясы жасалды, олардың негізгі бөлігін тірі донорлардан жасалған операциялар құрайды. 2023 жылдан бастап консервацияланған мөлдір қабықты трансплантаттау енгізілді, 308 ауыстырып салу операциясы жасалған. 

eGov.kz порталында 135 мыңнан астам ерік білдіру өтініштері тіркелген, бірақ олардың ішінен 10 724 адам ғана қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берген. Ал 112 мыңнан астам адам донор болудан бас тартқан.

Донор болуға келісім бергендер арасында ең жоғары белсенділік Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады. Ал Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды өңірлерінде көрсеткіштер өте төмен деңгейде қалып отыр.