• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:45

Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа ережелері бекітілді

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдануды реттейтін ережелерге енгізілген түзетулер жақын арада күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа талаптарда химиялық кастрацияның нақты қолданылу тәртібі айқындалды. Ережеге сәйкес, бұл шара кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға ғана қолданылады. Ол тек заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.

«Шара жазасын өтеу орнында немесе амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында іске асыралады», делінген құжатта.

Түрме әкімшілігі сотталушы бостандыққа шыққанға дейін 12 айдан кешіктірмей материалдарды сотқа тапсыруы тиіс. Бұл құжаттар негізінде сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, сотталушының психикалық жағдайы мен жыныстық зорлыққа бейімділігі анықталады.

Бұйрық 2025 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді.