• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Байқау Бүгін, 07:57

Зерендідегі фотофестиваль

10 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті­нің ұйымдастыруымен өткен аптада Зерендіде дәс­түрлі «Zerendi Photo Fest III» фестивалі өтті. Биылғы шығармашылық байқау жоғары оқу орнының 30 жылдық мерейтойына арналды.

Фестивальдың негізгі мақсаты – кәсіби фототілшілер мен студенттер арасындағы шығар­машылық байланысты нығай­ту, тәжірибе алмасу және жас жур­налистерге фотожанрдың қыр-сырын үйрету.

Іс-шараға «National Geogra­phic» журналының фото­тіл­шісі Ерболат Шадрахов, «Egemen Qazaqstan» газетінің фототіл­шісі Ерлан Омаров, Парламент Мәжі­лісінің фото­тілшілері Талғат Тәнібаев пен Жандәу­лет Өмір­ханұлы, сондай-ақ «Қаз­АвтоЖол» ұйы­мының өкілі Қалжан Тұрсын­баев қатысты.

Байқаудың ашылу салтанатында университет проректоры Ләззат Төлегенқызы мен Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәт­тілік тіледі.

Фотобайқау үш кезеңнен – портрет, пейзаж және фоторепортаж жанрлары бойынша өтіп, студенттер өз шебер­ліктерін сынады. Соны­мен қатар қатысу­шыларға тәжі­рибелік сабақтар өткізілді.

«Egemen Qazaqstan» газеті жауапты хатшысының орынбасары Алмас Манап газет да-йындау үдерісі мен басылым­ның визуалды құрылымы жө­нін­де кеңінен әңгімелеп, студенттерге баспасөз жұмысының ерек­шеліктерін түсіндірді. Ал Ерболат Шадрахов авторлық фотожұмыстарын көрсетіп, кәсіби кеңестерімен бөлісті.

Байқау қорытындысы бо­йынша «Үздік портрет» аталымын – Талғат Тәнібаев пен Жандәулет Өмірханұлы, «Үздік фоторепортаж» – Ерлан Омар, «Үздік фототілші» және бас жүлдені Ерболат Шадрахов жетек­­шілік еткен команда жеңіп алды.

 

Еркежан САНСЫЗБАЙ,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті