• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:20

Ұғынықты жазу міндеттелді

20 рет
көрсетілді

Үндістанның Пенджаб, Харьяна штаттарының соттары дәрі­герлерге рецептілерді түсінікті жазуды міндеттейтін шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, енді барлық дәрігерлер дәрі-дәрмек атауларын бас әріптермен анық жазуы тиіс. Сонымен қатар медициналық оқу орындарының бағдарламасына қолжазба жазу сабағы енгізілмек. Бұдан бөлек жақын уақытта елдің барлық емханалары мен ауруханалары электронды рецепт жүйесіне толық көшеді деп жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай шешім науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.