• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:40

«Астана - Орал» пойызы жаңа вагондармен толықты

30 рет
көрсетілді

Көлік министрлігінің мәліметінше, «Астана - Орал» пойызына жаңа үш плацкарт вагон қосылған, деп жазады Egemen.kz.

«Сары-Арқа компани» мекемесі ұсынған жаңа вагондардың ішінде кондиционерлер, тоңазытқыштар, арнайы пештер, розеткалар мен гаджеттерді қуаттауға арналған USB-ұяшықтар орнатылған. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен 4G-модемдер қойылған, ал қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушыларға QR арқылы пікір қалдыру жүйесі енгізілген. 

Айта кетейік, тасымалдаушы бұған дейін ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы вагонды іске қосқан.