Данияда оқушыларды бағалау жүйесі мүлдем өзгеше. Бұрын бұл елде бірізді емес, арасы бірнеше бірлікке созылған балл мен бөлшек бағалар, мысалы 131/3, қолданылған.
2005 жылдан бастап ресми түрде дат оқушыларына жеті түрлі баға қойылады. Атап айтсақ, 12 – үздік, 10 – жақсы, 7 – қанағаттанарлықтан жоғары, 4 – орташа, 02 – ең төменгі талаптарға сай, 00 – қанағаттанарлықсыз және −3 – мүлде қабылдауға болмайтын баға.