• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

«Педагог» сөзінің мағынасы

10 рет
көрсетілді

«Педагог» сөзі бізге Ежелгі Гре­киядан келген. Түпкі мағынасы – «баланы жетектеуші». Яғни пед – бала, агоги – жетектеу деген екі сөзден құралған. Бірақ ол заманда бұл атау мұғалімге емес, баланы мектепке апарып, оның қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауап беретін құлға қатысты қолданылған.

Афина дәуірінде педагогтің міндеті ауқымды болды. Ол баланы қадағалап, оқу құралдарының түгел болуын тексеріп, тіпті шәкірттің әдептілігіне де жауапты болған. Кейде жеті жасқа толмаған, әлі мектепке бармаған балаларға бастапқы сауат ашуды да осы педагогтер үйреткен.