Поляр шұғыласы – атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ерекше жарық құбылысы. Ол негізінен жердің магнит өрісі мен күннен тарайтын зарядталған бөлшектердің әрекеттесуінен туындайды.
Күн бетінде үздіксіз жүретін жарылыстар нәтижесінде ғарышқа плазма ағыны – күн желі тарайды. Осы бөлшектер жерге жеткенде, магнит өрісі оларды полюстік аймақтарға бағыттайды. Сол жерде бөлшектер атмосферадағы газдармен соқтығысып, жарық шығарады. Азот молекулалары жасыл және қызыл түсті, ал оттек молекулалары күлгін мен көк түсті сәулелер туғызады.
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті