Германияда 100 жастан асқан қариялардың қатары көбейіп келеді. 2024 жылы елде ғасыр жасаған 17 900 адам тіркелген. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға көп.
Мұнда әйелдердің орташа жасы 83,2 жыл, бұл ер адамдар көрсеткішінен бес жылға артық. Ғалымдар мұндай статистиканы халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы, әл-ауқатының артуы және медицинаның дамуы деп түсіндіреді. Дегенмен, Макс Планк қоғамының Қартаю биологиясы институты адам ағзасының табиғи шегі шамамен 120 жыл екенін айтады.