• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:05

Ойнап жүріп жұмыс істейді

10 рет
көрсетілді

Жапонияның кір жуатын фабрикасы жұмысты ойынға айналдырып, өндіріс өнімділігін 18 пайызға арттырған.

Бұл жобаны «Fortnite» ойынын жасаған IT-мамандар қолға алыпты. Жүйенің қалай жұмыс істейтініне тоқталсақ, әр станоктың алдына монитор қойылған. Ал қызметкер парақты машинаға салған сайын оның экрандағы кейіпкеріне уақыт қосылады. Көбейген секундтар арқылы виртуалды аралда ауыл тұрғызып, егін егуге, ресурс жинауға болады. Қызметкер қаншалықты белсенді болса, соғұрлым оның кейіпкері байып, жаңа үй, ферма немесе құрал-жабдық иеленеді. Ең қызығы, ойын барысы экранда тікелей көрсетіліп тұрады, сондықтан әр адам өз жетістігін көре алады. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл жұмысшылардың ынтасын арттырып қана қоймай, еңбек үдерісін ойын сияқты жеңіл қабылдауға көмектеседі.

 

Соңғы жаңалықтар