• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Кеше

Алматыда Бағалы қағаздар орталығы депозитарийлерінің дүниежүзілік форумы басталды

20 рет
көрсетілді

Форумды ашқан Орталық депозитарийдің (KCSD) басқарма төрағасы Еділ Медеу геосаяси болжамсыздық пен өңірлік бөлшектенудің өсуіне жауап ретінде қазақстандық ұйым дербес инфрақұрылым құруға ұмтылып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл WFC негізгі тақырыбы - «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийлерінің эволюциясы: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және трейдингтен кейінгі инфрақұрылымның болашағы». Алматыға 50-ден астам елдің 80-нен астам қаржы ұйымының сарапшылары келіп, өзгермелі қаржы ландшафтындағы орталық депозитарийлердің рөліне қатысты ең өзекті мәселелерді, реттеушілік өзгерістерді, трейдингтен кейінгі инфрақұрылымдағы жаңа трендтерді, есеп айырысу тиімділігін арттыруды, AI, блокчейн және басқа да көптеген тақырыптарды талқылауға келді. Форумға қаржы нарықтарының инфрақұрылымы саласында 250-ден астам сарапшы жиналды.

Соңғы жылдары Қазақстанның Орталық депозитарийі халықаралық серіктестермен қарым-қатынасын белсенді түрде кеңейтуде: 2023 жылы The Bank of New York Mellon-мен корреспонденттік қарым-қатынас орнатты, 2024 жылы Армения Орталық депозитарийі жүйесінің ресми мүшесі болды. Бұл нарықтар арасындағы трансшекаралық қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Биыл KCSD форумында Түркияның Орталық депозитарийімен өзара шоттар ашу туралы келісімге қол қойылды. Жыл соңына дейін Тәжікстан мен Әзірбайжанның Орталық сауда орталығына қосу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар KCSD Таяу Шығыс елдерімен кастодиалдық арналар құрады (First Abu Dhabi Bank арқылы). 2026 жылы KCSD Оңтүстік-Шығыс Азияның компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Бұл әріптестік, біріншіден, инфрақұрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тікелей арналарының арқасында есептеулер мен корпоративтік операцияларды жеңілдетеді. Екіншіден, бір өңірден келген инвесторларға артық делдалдарсыз құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, өтімділікті әртараптандырады. Үшіншіден, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, өйткені баламалы бағыттар жергілікті іркілістердің немесе реттеушілік өзгерістердің әсерін төмендетеді. Нәтижесінде инвестор, эмитент және қадағалау органы ұтады», - деп толықтырды ол.

Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов бағалы қағаздардың орталық депозитарийлері қаржы нарығы инфрақұрылымының дәл ортасында орналасқанын атап өтті. «Бүкіл әлемде сіздер қауіпсіздікті, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етесіздер. Инвесторлардың, эмитенттердің және үкіметтердің капитал нарықтарына сенімі сіздің орнықтылығыңызға, инновацияларыңыз бен көшбасшылығыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бұл форум өте маңызды», - деп атап өтті KASE басшысы және Қазақстанда WFC-2025 өткізудің ерекше маңызы бар екенін айтты.

«Еуропа мен Азия арасындағы көпір болып табылатын біздің еліміз өзінің капитал нарығын жаңғыртуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан бағалы қағаздарының орталық депозитарийi Қазақстан қор биржасымен бiрлесiп тұрақты және халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн трейдингтен кейiнгi экожүйе құрды. Соңғы жылдары инвесторлардың қатысуы, тұрақты технологиялық жаңару және корпоративтік басқару жүйесінің нығаюы байқалады»,   деп толықтырды ол.

Жоғары белгісіздік, есеп айырысу циклдерінің қысқаруы, киберқауіпсіздікке қойылатын неғұрлым қатаң талаптар және сандық ортадағы институционалдық рөлдерді қайта пайымдау жағдайында ұжымдық қолдау, білім алмасу және жедел үйлестіру үшін практикалық тұғырнамалар - ҚО қоғамдастықтары мен өңірлік қауымдастықтар үлкен рөл атқарады.

Іс-шараға Clearstream (Люксембург), Nasdaq, Montran (АҚШ), CMA Small Systems (Швеция), Romer Capital (Кипр) және т.б. қолдау көрсетті. Ұйымдастырушы KCSD болып табылады

Соңғы жаңалықтар